banerkzbig

БІР АПТАДА 2 ОТБАСЫ САҚТАЛДЫ

Аудандық сотта өткен аптада ерлі-зайыптылардың неке бұзу жөніндегі азаматтық істері қаралды.

Бір аптада қаралған екі неке бұзу туралы азаматтық іс бойынша тараптарға татуласу мерзімдері берілген. Татуласу үшін сотпен берілген мерзім ішінде екі азаматтық істің де тараптары медиаторларға жүгінген. Медиаторлардың жүргізген жемісті жұмыстарының нәтижесінде олар отбасының шайқалуы дұрыс еместігін түсініп, бір-бірлеріне түсіністік танытқан. Аталған істер бойынша медиациялық келісім жасағандар Атырау облысы Қызылқоға ауданы бойынша кәсіби емес медиатор Ө.Дүйсәлі мен «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ Медиация орталығының кәсіби медиаторы Р.Қалиева.

Сөйтіп, неке бұзу жөнінде аудандық сотта бір аптада қаралған екі азаматтық іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты тоқтатылды.

 

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig