banerkzbig

«ҚАЗАҚТЫҢ ҚАЙСАР ҚЫЗЫМЫЗ....»

Мұқыр орта мектебінде Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай 10-11 сынып оқушы қыздар арасында «Қазақтың қайсар қызымыз-Әлия, Хиуаз Мәншүкпіз!» деген тақырыппен әскери-патриоттық сайыс болып өтті.

Тартысты өткен сайыстың қорытындысында барлық сыннан сүрінбей өткен 11а сынып оқушысы Дана Әбдіхалықова бірінші орынды жеңіп алса, екінші және үшінші орындарды 11ә сынып оқушылары Гүлдәурен Аманкелді мен Жасмина Қайыржан өзара бөлісті. Ал, жеңіске деген ынтасымен көзге түскен Азиза Байзақова, Мөлдір Мұқатай (11а сынып оқушылары), Балдәурен Ораш (11б сынып оқушысы), Ақжанат Рзалар (11ә сынып оқушысы) алғыс хатпен марапатталды.

Жарысты ұйымдастырған алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Б.Темірболатов пен «Жас Ұлан» әскери-патриоттық үйірмесінің жетекшісі А.Керей сайыскерлерге алдағы уақытта да жақсы жетістіктерге жетулеріне тілектестік білдірді.

Өз тілшіміз

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21