banerkzbig

Ауылдық елді мекендер сапалы ауызсумен қамтылады

Бүгінде ауылдық жерлердегі елді мекен саны – 153.

Соның ішінде 121 елді мекенге таза ауызсу жүйесі тартылған. Жалпы елді мекендерді сумен қамту көрсеткіші 79 пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылы басқа да елді мекендерді таза ауызсумен қамтамасыз ету үшін 689, 197 миллион теңге қаржы бөлінген.

Осы орайда, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мұрат Иғалиевтің айтуынша, қазіргі таңда аталған қаражатқа өңірдегі 10 елді мекеннің құрылыс жұмыстары іске асырылуда.

- Бүгінде 2 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталды. Олар Индер ауданы Қызылжар, Ақтан елді мекендеріндегі су жүйесінің құрылысы және Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылы Жұмекен ауылындағы Дәулеткерей, Көнеу елді мекендеріндегі су жүйелерінің құрылысы. Бұдан басқа Құрманғазы ауданы "Астрахань-Ганюшкино-Маңғышлақ" су құбырынан Ганюшкино, Нұржау, Орлы, Кадырка, Жұмекен, Дәшін ауылында орналасқан су тазарту имаратына қосу үшін жергілікті бюджеттен 392, 919 миллион теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 6 елді мекенге жобалау жұмыстары жасақталып, құжаттары дайын тұр, - дейді Мұрат Иғалиев.

Айта кетейік, аталған жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылғанда, өңірдегі 153 ауылдық елді мекеннің 132-сі немесе халықтың 99,1 пайызы таза ауызсумен қамтамасыз етілетін болады.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig