Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АР-НАМЫСҚА НҰҚСАН КЕЛТІРЕДІ

Еліміздің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Ал, парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Аталмыш заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс.

Бұл ретте, сыбайлас жемқорлықпен күрес аудандық құрылыс бөлімінің басты назарында болып келеді. Айта кетсек, аудандық құрылыс бөлімі бойынша мемлекеттік сатып алу процесінде сыбайлас жемқорлықты тудыратын фактілер анықталған жоқ. Мемлекеттік сатып алу процесі ашық әрі әділ өткізіліп келеді. Жасалатын жұмыстарға, көрсетілетін қызметтер мен тауарларды сатып алу үшін өнім берушіні таңдауда Қазақстан Республикасының 4.12.2015 жылғы «Мемлекеттік сатып алу туралы» №434 заңына сәйкес жүргізіледі. Бөлімде сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізу үшін жұмыс жоспарына сәйкес бөлім қызметкерлерімен және құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігерлермен дөңгелек үстелдер өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен бірге, жылына екі рет бұқаралық ақпарат құралдарына (аудандық газет, веб-сайт) мақалалар жарияланады. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бөлімде сенім телефоны жұмыс жасайды. Сенім телефоны арқылы түскен өтініштердің құпиялығы сақталып, бақылауға алынады және арыз-шағым журналы ашылған. Алайда, бүгінгі күнге дейін арыз-шағымдар немесе өтініштер түскен жоқ. Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың тамыр жаюына жол бермеуге табанды күрес жүргізу бөлімнің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Дулат НЫҒМЕТОВ,

аудандық құрылыс бөлімінің басшысы

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521