banerkzbig

Жас дәрігерлер ауылдарда қызмет етуге аттанды

Облысымыздағы ауылдық округтерде жұмыс істеуге кеткен жас медицина қызметкерлеріне 1 млн.теңгеден жәрдемақы берілді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиева мәлімдеді. - Ауылдық елді мекендердегі медициналық мекемелерге жұмыс жасауға барған жас мамандарды қолдау үшін бір жолғы ақшалай көмек көрсетіледі. Айта кету керек, жұмыс жасап жатқан медицина қызметкерлерінің жалақысы өсті. Сонымен қатар, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ бойынша 30 медицина қызметкеріне жаңа пәтердің кілті табысталды. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек, - дейді Мәншүк Аймурзиева.

Айта кетейік, биыл 1 маусымнан бастап медицина қызметкерлерін қолдау мақсатында осы сала қызметкерлерінің жалақысы өсірілген болатын. Атап айтсақ, медицина қызметкерлердің жалақысы 30%-ға, ал қалғандарынікі 11%-ға өсті. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 1 млрд. 729 млн. теңге қаражат бөлінді.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig