Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырау облысында қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы

Атырау облысында 2023 жылдың 2 наурыз –14 қаңтар аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 7608 жағдай тіркелді (Атырау қаласында – 6801 жағдай, Жылыой ауданында – 193 жағдай, Исатай ауданында -117 жағдай, Құрманғазы ауданында- 154 жағдай, Махамбет ауданында – 125 жағдай, Қызылқоға ауданында-80 жағдай, Индер ауданында-43 жағдай, Мақат ауданында – 95жағдай).

Олардың ішінде:

- 2615 жағдайда қызылша зертханалық жолмен дәлелденді (басқа ел мен облыстан әкелінгені – 8: Түркия-3, Тәжікстан-2, Біріккен Араб Әмірлігінен – 1, Алматы қ.-1, Астана қ.-1; жергілікті - 2609); - 3796 жағдайда зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді; - 1197 жағдайда зерттеу қорытындысы жұмыс барысында. Зертханалық жолмен дәлелденген 2615 жағдайлар бойынша: Аймақтық бөлінісінде: Атырау қаласында-2213 жағдай, Жылыой ауданында- 108 жағдай, Индер ауданында-28 жағдай, Исатай ауданында- 53 жағдай, Құрманғазы ауданында- 51 жағдай, Қызылқоға ауданында-42 жағдай, Мақат ауданында-74, Махамбет ауданында-46жағдай.

Атырау облысында қызылша аурушылығының соңғы көп тіркелген жағдайы 2019 жылы тіркелді (774 жағдай). Соңғы екі жылдың қорытындысымен облыста қызылша аурушылығы тіркелген жоқ (2021-2022ж.ж.). Аталған жағдай вакцинопрофилактиканың аталған аурумен күресудің жалғыз және нәтижелі шарасы екеніне дәлел болып отыр. Қазақстан Республикасы географиялық жағынан Еуразиялық контингенттің орталығында орналасқан, халықтың белсенді көшіп – қонуы жағдайында әртүрлі жұқпалы аурулардың таралуына алғышарттар бар. Ауру ауа - тамшы жолмен таралады, вирус сыртқы ортаға көп жағдайда науқас адам жөтелгелгенде, түшкіргенде және сөйлегенде бөлінетін сілемей арқылы таралады. Аурудың негізгі белгілері - дене қызуының 38-40°С дейін жоғарлауы, құрғақ жөтел, мұрын бітуі, түшкіру, бастың ауырсынуы, қабақтың ісінуі және конъюктиванын қызаруы, жұтқыншақтын ісінуі, денеде бөртпелердің пайда болуы (бөртпелер кезектесіп шығады және бірігіп кетуге биім болады).

Көбіне қызылша ауруынан көз жұмудың себебі аурудың асқынуымен байланысты болады. Ең қауіпті асқынуларға көздің көрмей қалуы, энцефалит (мидың ісінуңне әкелетін инфекция), пневмония сияқты тыныс алу жолдарының инфекцияларын туындатуы мүмкін. Қызылша инфекциясының алдын алуға бағытталған күрестің жалғыз және тиімді шарасы – бұл вакцинопрофилактика. Облыста балаларды қызылшаға қарсы вакцинациялау қызылша, қызамық және эпидемиялық паротитке қарсы біріктірілген вакцина егу арқылы жүргізіледі. Вакцина Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымымен сертификатталған. Вакцина тиімді және қауіпсіз. Вакцинация Қазақстан Республикасының Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес 12-15 айлық жаста, әрі қарай ревакцинациялау 6 жаста жүргізіледі. Вакцинация ақысыз түрде, жергілікті мекенжай бойынша емдеу алдын алу мекемесінде жүргізіледі.

Бекешева Әлия Аюпқалиқызы,

Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521