Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

2020 жылдан бастап Қазақстанда МӘМС жүйесі енгізіледі

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін қозғай келе, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылатынын айтқан болатын.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қазақстан азаматы ретіндегі мен үшін тиімділігі?

Біріншіден, МӘМС Қазақсан Республикасы аумағында Сіз өзіңіз таңдаған кез келген емханадағы медициналық көмек ала аласыз. Бұл жағдайда, емхананың шығыстарын Қор толығымен өзі өтейді;

Екіншіден, Тегін медициналық көмектің кепілденген көлемі және МӘМС пакеттері шеңберінде қарастырылған медициналық көмекке жұмсалатын қосымша төлемдердің барлық түрінен босатыласыз.

Үшіншіден, Сізге елдің кез келген дәріханасында ұсынылатын дәрілік заттардың құрамы бойынша кеңейтілген және жақсартылған тізбесіне толық қолжетімді болады (Қорда фармацевтикалық қызметтердің жеткізушілері ретінде тіркелген);

Төртіншіден, МӘМС қоры Сіздің пайдаңызға аударылған жарналар туралы және Сізге медициналық ұйымдарда көрсетілетін қызметтер туралы ай сайын ақпарат алуға мүмкіндігіңіз бар;

Бесіншіден, сапасыз қызмет көрсетілсе немесе МӘМС қатысушысы ретінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Қор Сіздің сақтандырылған азамат ретінде құқықтарыңызды және мүдделеріңізді қорғайды.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘМС жүйесінде әрбір азамат өзінің жалақысынан 1 пайыз жарна аударуы тиіс. Егерде азаматтар жеке кәсіпкер ретінде тіркелмесе, жұмыссыз болып, өзін айқындалмаса, өз-өзіне жарна аудармаған жағдайда әлеуметтік медициналық жүйесінде көмек ала алмайды. Бірақ кепілдендірілген медициналық көмекті ешкім шектемейді. Кепілдендірілген медициналық көмек жарна аудармағандарға да көрсетіледі.

Сақтандырылған Қазақстандықтар үшін қандлай қызметтер қолжетімді болмақ?

• Консультативті-диагностикалық қызметтер, оның ішінде бейінді мамандар қабылдауы, балалар мен ересектерді кешенді тексеру;

• Қымбат тұратын диагностикалық қызметтер – онкомаркерлер, ПТР, гормондар, КТ, МРТ – тегін көрсетіледі;

• ТМККК-нен бөлек амбулаториялы-дәрілік қамтамасыз ету;

• Жоспарлы стационарлық көмек;

• Стационарды алмастыратын көмек;

• Қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;

• Қолжетімді сапалы медициналық көмек;

• Медицналық ұйым және дәрігер таңдау мүмкіндігі. Жалпы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап толыққанды іске қосылады. Бастапқы үш айда МӘМС пакетіндегі қызметтерді статусына қарамастан еліміздегі барлық азаматтар пайдалана алады, бірыңғай жиынтық төлемді Egov порталы арқылы онлайн режимде, сондай-ақ, кез-келген екінші деңгейлі банк пен «Қазпошта» бөлімшелері арқылы төлеуге болады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы

Байланыс телефондары: : 8/7122/ 956 936, 8/7122/ 956 931.

Бірыңғай байланы снөмірі – 1406.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521