Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда философия ғылымдарының докторы, профессор Алтай Тайжановпен кездесу өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде философия ғылымдарының докторы, ҚР әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің профессоры Алтай Тайжановпен кездесу өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Кездесу Ақтөбе қаласы мен облысының, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы, еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар саласының дамуына үлес қосып жүрген ғалым А.Тайжановтың 75 жас мерейтойына арнап ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында А.Тайжанов жас буынға діни тақырыптар аясында  бірқатар ақпараттар бере отырып, бүгінгі таңдағы бұрыс көзқарастардан сақтанып, білім мен ғылымға көп көңіл бөлу керектігін айтып өтті.

Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов А.Тайжановтың ғылым мен білімге сіңірген еңбегі жастарға үлгі болып, рухани азық екенін айтып өтті.

- Бүгін жастарға ұлттық тәрбие мен патриоттық сезімді дәріптеу үшін  профессор, философия ғылымдарының докторы Алтай Тайжанұлымен кездесу өткізілуде. Студенттерімізге философия бойынша ой толғамдары, еліміздің салт-дәстүріне байланысты ұмытылып жатқан ұстанымдар мен қазақ тіліндегі кейбір сөздердің түп мағынасы туралы ақпараттар берілді. Сондай-ақ бұл іс-шара ағамыздың 75 жас мерейтойына ұштастырып ұйымдастырылып отыр. Оның ғылыми-танымдық, оқу-әдістемелік мақалалары мен жалпы жас ұрпақ бойындағы ұлттық құндылықтарды қалыптастыруға арналған дәрістері өте өзекті әрі пайдасы зор деп есептеймін, - деді С.Идрисов.

Жиын барысында А.Тайжановтың  ғалым ретіндегі сіңірген еңбегі үшін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді. 

Айта кетейік, А.Тайжановтың еңбектерінің бірқатар бөлігі ойшыл-жазушы М.Әуезовтың шығармашылығына арналған. Ол 17 жеке, 2 ұжымдық монографияның, 8 оқу-әдістемелік құралдың, сондай-ақ бірқатар арнаулы курстардың, бағдарламалардың және 700-ден астам ғылыми, ғылыми-танымдық, оқу-әдістемелік мақалалардың авторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521