banerkzbig

«Жұлдызайдың» жұлдыздары

Аудандық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Х. Досмұхаммедұлы атындағы орта мектепте «Жастар жылына» орай ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар арасында XIV халықаралық «Жұлдызай» шығармашылық фестивалінің аудандық кезеңі өтті.

Нәтижесінде, вокал номинациясы бойынша бірінші орынды Ақерке Түгелбай (Жаңашаруа орта мектебі, кіші топ) мен Саманта Ардаққызы (Б.Аманшин орта мектебі, үлкен топ) иемденсе, екінші орынды Эленора Еділ (Сағыз орта мектебі, кіші топ), Азамат Телманұлы (Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебі, кіші топ), Асыланбек Қаматовтар (Ш. Еркінов атындағы орта мектеп, үлкен топ) иеленді. Байқаудың үшінші орынына Әмір Елемес (Кенбай орта мектебі, кіші топ), Гүлсая Таған (Тасшағыл орта мектебі, кіші топ), Бибінұр Жайықтар (Сағыз орта мектебі, кіші топ) ие болды. Ал, қолөнершілер сайысында Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің оқушысы Ғалымбек Мереке бірінші орынды жеңіп алса, Асланбек Қаматов (Ш.Еркінов атындағы орта мектеп) пен Асылай Аман (№9 орта мектебі) екінші орынға ие болды. Азамат Дәулетбай (Жаңашаруа орта мектебі) мен Ақжайнақ Батыр (Тасшағыл орта мектенбі) үшінші орынға қол жеткізді. Мың бұралған бишілер сайысында бірінші орын Жаннұр Асылбекова (Миялы орта мектебі, үлкен топ) мен Аяжан Сержан (Қаракөл орта мектебі, кіші топ) жеңіп алса, екінші орынды Мирас Мақатбай (№9 орта мектебі, кіші топ) иемденді.

Сайыс соңында қазылар алқасы оқушылар мен ата-аналарға алғыс айтып, өнерпаздарға диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етті.

Нұрәділ Бижан

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig