banerkzbig

Үздіктер ұлықталған күн

Аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі «АДА-Байдар» қоғамдық қорымен бірлесіп «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі» қызметкерлерінің кәсіби мерекесін атап өтті.

Одан әрі мерекелік шара мәдениет үйінің залында «Ауыл шаруашылық саласындағы кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбындағы салтанатты жиынмен жалғасты. Онда алдымен жиынға қатысушыларға ауыл шаруашылығы бойынша ауданда атқарылған жұмыстар жөнінде дайындалған бейнеролик көрсетілді. Бұдан кейін құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Нұрсұлтан Бисембиев:

– Бәрімізге белгілі Қызылқоға ауданы ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы кеңінен дамыған аудандардың бірі. Ауданымыздың шаруагер азаматтары ел экономикасының өсуіне өз еңбектерімен үлестерін қосуда. Қазіргі уақытта қабылданған әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар ауыл шаруашылығын қолдау мақсатында ел игілігі үшін атқарылып келеді. Алға қарай да мемлекеттік бағдарламалардың аясында ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүре береді. Бүгінгі ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі мерекесіне орай сала ардагерлері мен қызметкерлерді, шаруагерлер мен кәсіпкерлерді құттықтай отырып, жасап жатқан еңбектерінің жемісін көруді тілеймін, – деп бүгінгі күні мерейлі жасқа толып отырған сала ардагерлері Моншақ Қосымбаева (Миялы а/о, 80 жас), Табылды Ахметов (Тайсойған а/о, 80 жас), Самиға Есқалиева (Көздіғара а/о, 75 жас), Сағынбай Өтеповтерге (Жамбыл а/о, 60жас) және ауыл шаруашылығы саласын өркендетудегі еселі еңбегі үшін бір топ шаруа қожалықтарының төрағалары мен мүшелеріне, сала қызметкерлеріне аудан әкімінің алғыс хатын табыс етіп, мерекеде мерейлерін тасытты.

marap2

Сондай-ақ, жиында құттықтау тілектерін білдірген аудандық мәслихат депутаты Айбар Алтыбаев ауылды дамытуда аянбай еңбек еткен шаруагерлер мен кәсіпкерлерге мәслихат хатшысының алғыс хатын ұсынса, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің аудандық бөлімшесінің төрағасы Төлеубай Тапаев ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан үлесі және облыстық фермерлер одағы жұмысына белсене қатысқаны үшін бірқатар шаруашылық иелеріне облыстық бөлімше төрағасының грамотасы мен «Ауыл еңбегі үшін» медалін табыстады.

Сөйтіп, марапаттаулардан соң мерекелік шара әрмен қарай «Арман» және «Шалқыма» мәдениет үйлері өнерпаздары «Айзере» бишілер тобының мың бұралған билері мен Раушангүл Стомма, Балжан Мақы, Зәуре Жұмағалиева, Бисұлтан Мұхтаров, Нұржанат Нұрболат, Қуат Жаймағанбетов, Айдар Құспандардың көңілге көрікті ой салатын әсем әндеріне ұласты.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig