ШАХМАТ ҮЙІРМЕСІ АШЫЛДЫ

«Zhasproject» жобасы аясында аудан жастары түрлі бағытта тың идеяларымен бірнеше жобаның жеңімпазы болғаны белгілі.

Солардың бірі - ойылдық жастардың бастамасымен ашылған «Зияткер» шахмат үйірмесі. Жоба жетекшісі Ермұрат Жетібаев өткен аптада шахмет үйірмесінің ашылу салтанатын ұйымдастырды. Оған ментор Ержан Әбуов, ауыл тұрғындары қатысты. Аталмыш жоба ауыл тұрғындарына алдағы алты айлықта тегін қызмет көрсетпек.

shakhmat

– Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюі жастайынан қалыптасады. Осы мақсатта түрлі үйірмелер жұмыс жасаса жақсы емес пе?! Бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай, пайдалы іспен шұғылданады. Сондай-ақ, ауыл үлкендері, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де қажет деп білемін. Үйірмеге ауыл тұрғындарынан сұраныс бар. Алдағы уақытта жұмыс кестесін тұрақтандырып, аптаның үш күнінде жұмыс жасаймыз, - дейді жоба жетекшісі. Осылайша, жаңа жоба жастарға қанат бітіріп, өз істерін алға қарай жүргізуіне мол септігін тигізіп отыр. Ендеше, іскер жастарға істерің алға қарай өрлей берсін деп тілейміз.

Гүлмира МАҚСОТ

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031