banerkzbig

Пробацияның міндеті тек жазалау емес

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдардың жаңадан құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында 12-23 қараша аралығында «Есепте тұрған» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінде есепте тұрған 38 адамның оны шартты сынақ мерзіміне, 20 адам бас бостандығын шектеу жазасына, үшеуі қоғамдық жұмысқа сотталғандар болса, бес адам белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға сотталғандар.

Бас бостандығынан айыру жазасына байланысты емес жазаға сотталғандардың негізгі міндетін сот белгілейді. Атап айтқанда, оларға жұмыстан немесе оқудан бос кезде міндетті түрде тұрғылықты жерде болу, алкагольдік ішімдік ішетін, құмар ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметіне белгілеген күндері келіп тіркелу міндетті болып табылады. Осы тәртіпті бұзған жағдайда бас бостандығын шектеу жазасы бас бостандығынан айыру жазасына алмастырылады. Ал, шартты жаза болған жағдайда шартты мерзімді ұзарту немесе шартты жазаның күшін жойып бас бостандығынан айыру жазасына алмастыруға сотқа ұсыныс жолданады.

Егер шартты түрде сотталушы сынақ мерзімі ішінде өзінің түзелгенін дәлелдесе шартты түрде соттаудың мерзімінен бұрын босату жөнінде сотқа ұсыныс беріледі. «Есепте тұрған» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасының өтуі барысында құқық бұзушылыққа бейім адамдар тізімі анықталып, есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша тексерістер жүргізіліп, сотталғандармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлескен тексеріс нәтижесінде тұрғылықты мекенжайында болмаған екі сотталған тұлға анықталды. Оларға қатысты алғашқы іздестіру шаралары жүргізіліп, туыстарынан түсініктеме алынды. Аудандық сотқа іздеу жариялауға және ұсталған жағдайда «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын қолдануға ұсыным жолданды.

Айдана ЖҰБАНИЯЗОВА,

аудандық пробация қызметінің инспекторы,

әділет аға лейтенанты.

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig