Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Пойыздың жүрісі тоқтап тұр

 

Коронавирус салған дүрбелеңнен көптеген кәсіптер тоқтап, оқушылар мен студенттер үйден оқуда. Қалаларға, ауыл араларына қатынасуға көліктерге шектеу қойылып, тек қана азық түлікке, дәрі-дәрмекке баратын көліктерге рұқсат берілді.

Ал, теміржол бойындағы қозғалыстарға шектеу қойылды ма? Сағыз темір жол стансасы бастығының орынбасары Серік Сұлтановтың айтуынша, сәуір айының басынан бастап жолаушылар пойыздары тоқтап, бекет арқылы жүк пойыздары ғана өтуде. Тек бір аптадан бері Теңіз вахталық кен орнындағы жұмысшыларды пойызбен тасымалдау жүріп жатыр. Барлық теміржол бекеттерінің кассалары жабық, билеттер сатылмайды. Пойыздар жүрмегесін перрондағы сауда-саттық та тоқтады.

Теміржол саласына қарасты бірқатар мекеме қызметкерлері жағдайға байланысты уақытша жұмысын тоқтатып, қашықтан жұмыс жасап жатса, жол жөндеушілер ғана қалыпты жұмыс жағдайында. Алайда, теміржолшы жастар қолымыз бос деп қарап отырмай еріктілер тобын құрып, мұқтаж жандарға қол ұштарын беруде. – Теміржолшы жастар өзара қаражат жинап аз қамтылған отбасыларға азық-түлік алып берсе, бір зағип жанға қаржылай көрсетті. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ» АҚ бастамасынен тыл еңбеккерлеріне де азық-түлікпен көмектесуде, - дейді аға жүк қабылдап, тапсырушы Жасұлан Қартанов.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

сурет ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521