banerkzbig

Отбасындағы кикілжіңді сотқа дейін жеткізу сорлы адамның ісі

Семинардың мақсаты – отбасылық медиацияның негізгі қағидалары мен бағыттарын және еліміздегі отбасылық-тұрмыстық қақтығыстарды шешу үшін бітімдестіру рәсімдерін қолдану тәжірибесін толық және жан-жақты сипаттау.

Оған аудандағы кәсіби емес медиаторлар, аналар кеңесінің төрайымдары, аудандық сот мамандары мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Алдымен сөз алған аталмыш мекеме басшысының орынбасары Ләззат Жылқышиева:

– Медиация – бұл Қазақстан халқы Ассамблеясы айналысатын ең маңызды істердің бірі. Басты мақсат – қоғамдық келісімді нығайтып, достық пен толеранттылық идеяларын насихаттау. Медиация уақытты үнемдейді, ақша, дауға қатысушылардың эмоциялық күшін және дауда кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс екенін анықтауға немесе қалайда жеңуге, ұтуға емес, сындарлы шешімдерді іздеуге бағытталған, – деді.

Семинар барысында «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Атырау облысы бойынша өкілдігінің директоры Гүлбаршын Марданова, кәсіби медиатор Гүлбану Мәмбетова «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» тақырыбында баяндамалар жасады. Ал, аудандық соттың бас маманы Базаргүл Әбдуалиева:

– Облыс бойынша ауданда екі тарапты медиация тәсілімен татуластыру қарқынды жүргізіліп отыр. Айтар болсақ, сотқа он іс түссе оның сегізі медиация әдісімен шешімін тауып, екі жақ бір мәмілеге келуде. Қазір аудандағы барлық округте екі-үштен кәсіби емес медиаторлар тағайындалып, аудандық сот ғимаратында, ауылдық округі әкімі аппаратында арнайы бөлме жасақталған, – деді.

Сонымен қатар, кәсіби емес медиатор Бағытжамал Жұмабаева іс тәжірибесінде кездескен істер бойынша мысалдар келтірсе, басқа да қатысушылар өз ойларымен бөлісті. Семинар соңында қатысушыларға серификат табыс етілді.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА.

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig