Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Округ әкімінің есебі тыңдалды

Сейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде Миялы ауылдық округінің әкімі Ерболат Иғалидің «Миялы ауылдық округі бойынша 2019 жылдың I жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы» хабарламасы тыңдалды.

s

Аталмыш жиында округ әкімі алғашқы жартыжылдықтағы салық түсімдері, елді мекендердің санитарлық жай күйі, жұмыспен қамту саласы, бруцеллез ауруының алдын алу шаралары, кәсіпкерлікті дамыту, жастар саясаты, денсаулық сақтау, мәдениет, құқық қорғау салаларындағы атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы міндеттер туралы айтып өтті. Сондай-ақ, ауыл ішіндегі бірқатар көшелердің жақын арада жарықтандыру жұмыстары басталатындығын тілге тиек етті. Хабарламашыдан соң, кәсіпкер Сүйеуғали Дүйсәлі: – Ауыл шетіндегі қоқыс төгетін арнаулы орындардағы түтін иісі ауыл тұрғындарын тұншықтырып болды. Түйіткілді мәселенің тез арада шешімін табуын қалаймын, – деген пікір білдірді. Ал, оған округ әкімі аталмыш мәселеге байланысты алдағы уақытта жедел жұмыстар жүргізілетінін айтты.

Нұрәділ ЕЛАМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521