Мерекелік медальмен марапатталды

Аудандық «Қазпошта» байланыс торабы ұжымы жыл сайын жарқын жетістіктерге жетіп келеді.

Соның бірі – Қаракөл пошта байланыс бөлімшесінің басшысы Гүлайым Ерғазиеваның Елбасы Жарлығымен «Астана қаласына – 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталуы. 1986 жылдан бері пошта саласында еңбек етіп келе жатқан Гүлайым Ерғазиева зейнетақы мен жәрдемақы беру, баспасөзге жазылу сынды жұмыстарда өз қажыр-қайратын аяп қалған емес. Енді міне, саналы ғұмырындағы еңбегі еленіп жақында мерекелік медальға ие болды.

Айта кетейік, ел бойынша «Қазпошта» АҚ қызметкерлері арасында аталмыш медальға бес-ақ адам ие болған. Ал, Батыс аймағы бойынша бұл медаль жалғыз Гүлайым Сақыпқызына бұйырып отыр.

Дулат БЕРІКҰЛЫ.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031