banerkzbig

Мемлекеттік қызметкер болудың тәртібі қандай?

Сейсенбі күні Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінде білім алып жатқан студенттерге мемлекеттік қызметке орналасу тәртібін түсіндіру бағытында семинар өтті.

Онда түсіндірме жұмысын жүргізген аудан әкімі аппаратының кадр жұмысы және персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы Төлеухан Аманжановтың айтуынша, мемлекеттік қызметке орналасу үшін әр адам ең бірінші тестіден өтуі тиіс.

Ол үшін алдымен электронды сандық қолтаңба арқылы кілт ашып, egov порталындағы мемлекеттік қызметке тест тапсыру бөліміне өтініш береді. Өтініш берілгеннен кейін бір апта ішінде қалаған күнді белгілеп, сол күні тест тапсырады. Мемлекеттік қызметтің бас маман лауазымына орналасу үшін үміткерлерге арналған тест үш бағдарлама арқылы жүреді. Бірінші бағдарлама бойынша жеті заң аясында берілетін 100 сұрақтан кем дегенде 50 жауап дұрыс болуы қажет. Соның ішінде әр заң бойынша дұрыс жауап 5-тен кем болмауы тиіс.

Бұдан кейін екінші бағдарламадан, яғни жеке қабілетін бағалаудан өтеді. Бұл ретте берілген сұрақтың 50 пайызы дұрыс болуы шарт. Осы екі бағдарламадан өткеннен кейін бос орынға қызметке орналасу үшін тоғыз адамнан құралған комиссия мүшелерімен әңгімелесуден өтеді. Міне, үш бағдарламадан өткеннен кейін үш ай сынақ мерзімімен жұмысқа қабылданады. Егер тестіден өте алмай қалса бір айдан соң қайта тапсыра алады. Бір жыл ішінде жұмысқа орналаспаса берілген сертификат жарамсыз болады.

Бұдан кейін аудандық полиция бөлімі Сағыз полиция бөлімшесінің бастығы, полиция капитаны Ақылбек Жұмабеков колледж студенттеріне құқық қорғау саласы бойынша жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіріп өтті. Жиын барысында студенттер семинар тақырыбына орай қойған сауалдарына тиісті жауаптарын алып, Қызылқоға аграрлы-техникалық колледжінің директоры Жалғас Қамысбаев мол мағлұмат бергені үшін аталмыш мамандарға алғысын білдірді.

Бауыржан САҚТАСИНОВ

Жарнама

antikorruptsiya

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig