banerkzbig

"Коворкинг" орталығы ашылды

Жақында аудандық орталық кітапхананың оқу залында коворкинг орталығының ашылу салтанаты болды.

Коворкинг деген – еркін және тәуелсіз адамдардың біріге отырып жұмыс жасауға, ортақ идеяны жүзеге асыруға және түрлі интеллектуалдық ойындар өткізуге арналған орталық. Орталықтың ашылуына аудан әкімі Арман Баженов, аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов және бөлім, мекеме басшылары, ауыл жастары қатысты. Аталмыш орталықтың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Арман Баженов:

– Қазір заман дамыған сайын жаңа қызмет түрлері де шығуда. Соның бірі – осы орталық. Бұл ортақ жұмысқа жұмылған жастардың еркін отырып бас қосатын орны. Осында отырып кітап оқуға, интернетке кіруге, басқа да іс-шараларды өткізуге болады. Бұл аудан бойынша алғаш болып орталық кітапханада жүзеге асып отыр. Алдағы уақытта орталықты бұдан да ауқымдырақ қылып ашып, жұмыс көлемін кеңейту жоспарда бар. Бұл уақыттың еншісінде, – деді.

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен ашылған орталықтың лентасын аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Арман Баженов пен «Мұражай» бастауыш ұйымының төрайымы, мәслихат депутаты Гүлнар Каримова қиды. Коворкинг орталығы жаңа заманға сай жабдықталған. Ішінде кітап, газет-журнал оқып, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнап, түрлі шаралар өткізуге болады. Компьютермен жұмыс жасаймын дегендер үшін ноутбук пен тегін интернет жүйесі қосылған. Бір сөзбен айтқанда, келушілерге барлық жағдай жасалған. Орталықты аралап көрген аудан басшылары жаңа жобаға сәттілік тілеп, ауыл жастарын осында жиі бас қосып тұруға шақырды.

Дулат Ғұбайдуллин.

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig