Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қ.ІЗМАҒАМБЕТОВ - ЖАҢА ҚЫЗМЕТТЕ

Аудан әкімінің 2019 жылғы 27 қыркүйектегі №347-ө өкімімен Измағанбетов Қуанай Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық, жұмылдыру дайындығы және төтенше жұмыстар жөніндегі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Измағанбетов Қуанай 1961 жылы 28 ақпанда Қызылқоға ауданы Миялы ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Абай совхозында бақташы болып бастаған, кейін 1980 жылдары Абай совхозында жұмысшы, 1983-1985 жылдары әскери борышын өтеген, 1985-1986 жылдары Абай совхозында көмекші шопан, 1989-1991 жылдары Абай атындағы кеңшардың автогаражында есепші, 1991-1992 жылдары №2 мал шаруашылығы кооперативінде есепші, 1992-1995 Қаракөл ұжымдық ауылшаруашылығы кәсіпорнының аға есепшісі, 1995-1996 жылдары Қаракөл ұжымдық ауылшаруашылық кәсіпорынында еңбек жөніндегі экономист, 1996-1998 жылдары Дәулет шаруа қожалығында есепші, 1998-1999 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Салық комитетінде салық инспекторы, 1999-2000 жылдары Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу жөніндегі бас маман, 2000-2003 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Салық комитетінде бас салық инспекторы, 2003-2004 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Салық комитетінде бас маман, 2004-2013 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Салық басқармасында бөлім бастығы, 2013 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Салық басқармасында жетекші маман, 2013-2015 жылдары Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бас маман, 2015-2016 жылдары Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бас маман, 2016-2018 жылдары Мақат ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында бас маман, лауазымдарын атқарған. 2018 жылдың наурыз айынан бастап Сағыз ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарды.

Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521