Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ізденіс жаңашылдықтан көрінеді

Өткен аптаның жұмасы күні аудандық әдістемелік орталықтың ұйымдастыруымен «Жаһандық бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны дамытудағы инновациялық технологиялардың тиімділігін арттыру жолдары» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің аудандық ХІХ педагогикалық оқулары өтті. Онда аудандағы білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің жұмысы сараланып, үздіктері анықталды.

 

Аудандық әдістемелік орталықтың меңгерушісі Қайсар Жарылғағановтың айтуынша, педаго-гикалық оқулардың сараптау комиссиясына 137 педагогтың баяндамасы түсіп, оның ішінде жарамды 115 жұмыс іріктеліп алынды.

– Биылғы жылғы педагогикалық оқуға мұғалімдер мен басқа да білім беру қызметкерлерінің арасында білім берудің жаңа моделін қалып-тастыру жолында тың ізденістерді жария ету жағдайында кең көлемде өтіп отыр. Педагогикалық оқуларға жұмыстарын әкелген мұғалімдердің барлығы да білім беру үрдісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы жаңа ізденістерін көрсетті. Білім беру саласындағы инновациялық технологиялар арқылы жеке тұлға қалыптастыру бағытындағы өзіндік жаңалығы бар баяндамалар болды. Кейбір баяндамаларда қазіргі педагогика ғылымы теорияларының мектеп тәжі-рибесімен байланыстырылып, мұғалімдерден ақпараттық-коммуникациялық және интерактивтік технологияны пайдалану шеберліктерін байқадық. Мұнымен қоса, қазіргі заманғы жаңа технологияларды тәжірибе жүзінде пайдаланып, білім мазмұнын байытуға үлес қоса бастаған мұғалімдер саны көбейген. Осындай жетіс-тіктермен қатар түзеуге болатын олқылықтар да орын алды. Айталық, баяндама тақырыбын өзгерткен мұғалімдерден дайындықтықтың жеткіліксіздігі байқалды. Яғни, жазған жұмыс-тарын қорғауда қағаздан бас алмаушылық, өз тәжірибесі емес, интернет желісінен, басқа да ақпарат құралдарынан көшіргендігі анық бай-қалып тұрды. Сондай-ақ, кейбір жұмыстардың тео-рияның практикамен ұштаспауы салдарынан жұмыс нәтижесіз шығып жатты. Соған қоса, көр-некіліктердің аз болуы кейбір ұстаздарға ізденіс қажет екендігін байқатса, саралау барысында жіберілген ережеге сай жазылмаған жұмыстарда кездесті, – дейді аталмыш орталықтың мең-герушісі Қайсар Жарылғағанов.

Сөйтіп, «Арман» мәдениет үйінде ізденіс пен жаңашылдықтың нәтижесі болған ұстаздар жұмысы қорытындыланып, марапатталды. Нәтижесінде, он алты ұстаз Алғыс хатпен марапатталса, отыз жетісі жүлделі үшінші орынға, отыз бес мұғалім екінші орынға ие болды. Ал, он бес педагогтің жұмысы үздік деп танылып, облыстық байқауға жолдама алды.

Бұған қоса, қазіргі заманғы жаңа технологияларды тәжірибелеріне пайдаланып, білім мазмұнын байытуға үлес қоса бастаған мұғалімдер саны көбейген. Атап айтқанда, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану пәні мұғалімі Аңсағаным Құспанова, Қаракөл орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Фарида Суатова, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шынар Әбілғазиева, №9 орта мектебінің география пәні мұғалімі Гүлфайруз Таңбаева, Х.Досмұхамедұлы атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Рита Айдынғалиқызыдарын айтуға толық негіз бар.

Командалык есепте Ш.Еркінов атындағы орта мектебі І орынға ие болса, №9 орта мектебі мен Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы ІІ, ІІІ орындарды өзара бөлісті. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары бойынша «Жасұлан» балабақшасы бірінші орынды, «Нұр Шуақ», «Балдырған» балабақшалары ІІ, ІІІ орындарды иемденді.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521