banerkzbig

Газге уланбаудың жолдары қандай?

Қазіргі таңда жылу беру маусымы басталуына байланысты өзекті мәселелердің бірі – көмірқышқыл және табиғи газбен улануы болып табылады.

Халық арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша өткізіліп жатқан үгіт-насихат және түсіндірме жұмыстарына қарамастан, тұрғын үй секторында улы және табиғи газбен улану оқиғалары орын алуда.

Жүргізілген талдау нәтижелері бұл жағдайлардың орын алу себептері қауіпсіздік ережелерін сақтамауы салдарынан орын алғандығын көрсетіп отыр. Бұл мұржаның бітелуі, жарамсыз пеш құралдарын пайдалануы, пештің күюі және жарылуы. Газ жабдықтарын пайдалану кезінде газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасауға, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексергеніңіз абзал. Түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыру керек. Сондай-ақ, газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдында крандарды жабуды ұмытпаңыз. Газ жабдығы жарамсыз болғанда газ қызметін шақырту ең басты назарыңызда болуы тиіс. Егер пәтер ішінде газ иісі пайда болса, газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтатып аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жауып, үй-жайды жеделдету үшін терезелер мен желкөздерді ашып, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақыртқаныңыз жөн. От көздерін пайдалануға, темекі тартуға, электр жарығы мен электр құралдарды қосуға және қосулы болса сөндіруге, электр қоңырауларды пайдалануға жол бермеген дұрыс. Газ жабдығы жақсы жеделдетілген және ауасы жаңартылған бөлмеде жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар, газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер. Қызылқоға ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі аудан тұрғындарына, өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін газ жабдықтары орнатылған бөлмеге улы газ көрсеткіштерін және газ сараптауыштарын орнатуға кеңес береді.

Айбол КАРИН,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғаныс подполковнигі.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig