Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Екі жоба грантқа ие болды

Елімізде бизнесті дамытудың бір жолы ­– жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру.

Жаңа бизнес идеялар жобаларының дамуы жоғары және аталған саланы дамытуға мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде.

Осындай қолдаулардың бірі 2010 жылдан бері қолданыстағы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы көптің көңілінен шықты. Әсіресе, кәсіпкерлікке ынтасы бар әрбір адам өзінің ынта-жігерін, білімі мен біліктілігін пайдаланып, ауданда әлі қолға алына қоймаған жаңа бизнес-идея жобаларын жүзеге асырамын десе мемлекеттен аталған бағдарлама арқылы 3 000 000 теңгеге дейін қайтарымсыз және кепіл затсыз грант қаражатын ала алады.

Сондай-ақ, биылғы жылы «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грант қаражатын алу үшін, аудан бойынша 6 жоба өтініш білдірсе, оның ішінде екеуі тиісті қаржыландыруға қол жеткізді. Айталық, миялылық жеке кәсіпкер Жұмабай Кадуов «Ұн өндірісі орнын ашу» және жеке кәсіпкер Нұргүл Жекенова «Ұлттық қолөнер бұйымдарын жасауды үйрету орталығы» жобаларын сәтті қорғады. Алдағы уақытта жаңа жобалардың жүзеге асуы аясында ауданымызда жаңадан 3 жұмыс орны ашылатын болады. Бір қуантарлығы аталған бағдарламаға, жаңа бизнес-идея жобаларымен жыл сайын қатысуға тілек білдірушілер көбеюде. Аталған кәсіпкерлер аудандық кәсіпкерлік бөліміне келіп, қайтарымсыз грантқа қатысу тәртібі мен талаптары бойынша бірнеше мәрте өз жобалары бойынша кеңестер алды. Қазіргі таңда жеңімпаз жобалар қажетті құрал-жабдықтарын алуда. Осындай өз өнімімізді және ұлттық қызметімізді пайдалана отырып, халыққа ұсына білсек, еліміздің экономикасы шағын кәсіпкерлік арқылы артатыны анық.

Мақсат ТӨКЕНОВ,

аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521