"Денсаулық" пойызы медициналық көмек көрсетеді

Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айқындалған денсаулық сақтау саласындағы маңызды шараларын жүзеге асыру ісінде көліктік медицинаға қойылып отырған үлкен міндеттерге сәйкес, еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде «Денсаулық» пойызында шалғай аудандар, станциялар мен елді-мекен тұрғындарына білікті медициналық көмек көрсетеді.

Атырау облысы бойынша 26 қыркүйек күні өз жұмысын Мақат стансасынан бастаған «Денсаулық» медициналық пойызы жоспарға сәйкес Жамансор стансасында 8 қазан күні, Мұқыр стансасында 9-10 қазан, ал, Сағыз стансасында 11-13 қазан аралығында жұмыс жасайтын болады.

Аталмыш пойыз барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған 9 вагоннан, оның ішінде 4 медициналық вагоннан құралды. Пойызда терапевт, неврапотолог, окулист, гинеколог, хирург, уролог, УДЗ дәрігері, эндоскопист, рентгенолог, кардиолог, стоматолог дәрігерлері медициналық қызмет көрсетеді. Барлығы да бірінші және жоғары санатты, тәжірибесі мол дәрігерлер.

Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған бұл пойызда қарапайым халықтың қолы жете бермейтін дәрігерлік көмек түрлері тегін көрсетіледі. Әсіресе, медициналық көмекке әлеуметтік әлсіз топтағы адамдар зәру. Содан болса керек, әр стансада тұрғындар көп жиналуда. Барлығы да өздерінің денсаулығын тексертуді көздейді, көбі балаларын бірге алып келуде. Медициналық тексеруден өтуге ниет білдіргендер саны күн санап артып, науқастар қолына тиісті ем жазылып берілуде. Қорыта айтқанда, ауданның әрбір тұрғынын сапалы медициналық қызмет түрлерін алуға шақырамыз.

Д.АМАНҒАЛИЕВА,

Атырау теміржол ауруханасының ұйымдастыру-экономикалық бөлім меңгерушісі.

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


Қабдолова Әдемі

Қабдолова Әдемі Мирқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21