Бірлік деген осы емес пе?

Қашанда ауыл азаматтарының бірлікте, ұйымшыл болғаны көңілге көрікті ой ұялататыны анық. Сондай тамаша шараны Сағыз ауылының шығыс бетінде тұратын ауыл азаматтарының игі ісінен көрдік. Ондағы ауылдың ұйымшылдығы сондай Наурыз мерекесінде бәрі бір кісідей жұмылып, көрісу шарасын өткізді.

Шарада бір азамат ағаш үй тіксе, екіншісі үйдің алдына алтыбақан жасап, үшіншісі музыкамен көркемдеп, асабалық міндетін атқарды. Шараны ұйымдастыру үшін ауыл тұрғындары бес мың теңгеден қаржы жинап, 40 үй бірікті. Сол қаржыға дастарқан жайып, спорттық шаралармен қоса, келіндер сайысын өткізуді ұмытпады. Сондай-ақ, әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, күмбірлете күй тартты. Жақсы өнер көрсеткендеріне Мақтау қағаздары беріліп, орын алған спортшылардың мойындарына медаль тағылды.

Ал, ауылдың ақсақалдары қазақы дәстүрмен шапандарын киіп, жастарға тағылымды әңгімелерін айтып, баталарын берді. Әйелдер жағы түрлі ұлттық тағамдарын пісіріп, қонақтарға ұсынды. Бір сөзбен айтқанда, ауыл бір мәре-сәре болып, шаттыққа кенеліп, Наурыз мерекесін думанға бөледі. Алдағы уақытта рухты жаңғыртатын осындай шаралар көп болса игі дейсің. Бірлік деген осы емес пе?!

Ізімберген ТАСПАНОВ, зейнеткер.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031