banerkzbig

Бір күнде қос балабақша ашылды

Еліміз күн санап дамып, өркендеген сайын бала туу көрсеткіші де артып келеді.

Соған сай, барлық жерде балабақша тапшылығы орын алып жатқаны жасырын емес. Ал, аталмыш мәселе ауданымызда оңынан шешілуде. Оған дәлел – дүйсенбі күні ауданда қос бірдей балабақшаның ашылуы. Қос қуаныштың алғашқысы Сағыз ауылындағы «Ақтоба» бөбекжай балабақшасы. Аталмыш балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Баженов, аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Бағдаров, аудан әкімі аппаратының басшысы Асылбек Жанқуатов және Сағыз ауылының ақсақалдары мен тұрғындары қатысты.

bb42

Шараны ашқан аудан әкімі Арман Баженов:

– «Берсең балаға бер» деген дана халқымыз қашанда балаға қаморлықты басты орынға қойған. Ел болашағы саналатын бүлдіршіндерге жағдай жасау біздің басты міндетіміз. Соған орай, бүгін заман талабына сай салынған зәулім балабақшаның тұсауын кесіп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер Сағыздағы №3 ауылда бұрын көп әлеуметтік нысандар болған жоқ. Балалар мектепке де, балабақшаға да теміржолдан өтіп баратын. Бұл мәселе қазір өз шешімін табуда. Былтыр су жаңа мектеп пайдалануға берілсе, биыл балабақша ашылып отыр. Ендігі тілек осы балабақшаның ішінен бүлдіршіндер сапалы да саналы тәрбие алып, ел дамуына үлес қосатын үлкен тұлға болып шықсын демекпін, – деді.

Содан кейін, ауданның Құрметті азаматы, ауыл ақсақалы Жасан Есқайыров құттықтау сөз сөйлеп, ақ батасын берді. Артынша балабақшаның лентасы салтанатты түрде қиылып, аудан әкімі «Ақбота» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Сақыпжамал Ахметоваға символдық кілтті табыс етті. Салтанатты түрде ашылған балабақшаны аралаған қонақтар жаңа нысанның келбеті мен сәулетіне таңдай қағысты.

bb2

bb41

Айта кетейік, 290 орындық бұл балабақшаны «КазПромСтройГрупп» құрылыс компаниясы осыдан екі жыл бұрын іргетасын қалап, биыл пайдалануға беріп отыр. Бір күнде ашылған қос балабақшаның екіншісі Қарабау ауылында ашылды. Бұл жақтағы балабақша әбден ескіріп, әбден тозығы жеткендіктен жаңасын салу күн тәртібінен түспей тұрған болатын. Аталмыш мәселе үш жыл бұрын шешімін тауып, облыстық құрылыс басқармасы арқылы қаржысы бөлініп, іргетасы қаланған еді.

100 балаға арналған балабақшаның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Марат Әбуов қатысып, балабақша табалдырығын аттап отырған барша бүлдіршіндерге ақ жол тіледі. Содан соң жаңа нысанның лентасы қиылып, әжелер шашу шашып, бүкіл ауылды қуанышқа бөледі. Қарабауда ашылған бұл балабақша бүлдіршіндермен қатар онға жуық адамды жұмыспен қамтып отырғанын да айта кетейік. Осы орайда бір күнде ашылған қос балабақша ауданның 75 жылдығына арналған ерекше тарту болды десек те болады.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig