banerkzbig

Баталы құл арымас

Жақында Атырау қаласында облыс әкімдігі, облыстық Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының ұйымдастыруымен Батыс аймақтық бата беруші ардагерлер арасында «Батаменен ел көгерер» аймақтық ашық байқауы өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында және Астана қаласының 20 жылдығына орай өткен шараға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау облыстарынан 21 үміткер қатысты. Ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі – бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту, кейінгі ұрпаққа үлгі етуді мақсат еткен байқауда қатысушылар есімдері тарихта қалған тұлғалардың баталарын айтып, ұлттық салт-дәстүрлерге байланысты сауалдарға жауап берді. Соңғы кезеңде берілген тақырыпқа сай қазақи ұлттық мейрам, той-мерекелердің батасын беруден сайысты. Байқау қорытындысымен бас жүлдеге Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданының ардагері Ертай Сердалин ие болса, айтулы шараға қатысқан миялылық ардагер Садақ Досымбаевқа Алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды. Сондай-ақ, шара барысында «Батаменен ел көгерер» кітабының тұсауы кесіліп, бұл кітапқа Садақ Досымбаевтың екі батасы енді. Соның бірін назарларыңызға ұсынамыз.

Сәбидің жасқа толуына бата

Күннен-күнге қызығымен мәз болып,

Сәбилікпен жанарында жаз кұліп.

Жанұяның қызығы мен ермегі,

Тәй-тәй басты міне бүгін қаз тұрып.

Келер күндер қуанышпен еселер,

Асып-тасып шұбат толы кеселер.

Бүгін міне жасқа толдың құлыным,

Тілегіміз еш алаңсыз өсе бер.

Аллаһу акбар!

 

 

Бауыржан САҚТАСИНОВ.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig