banerkzbig

Бастауыш партия ұйымының есебі тыңдалды

Сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында «Мұражай» бастауыш партия ұйымының жиналысы өтті.

Жиналысты «Мұражай» бастауыш партия ұйымының төрайымы Гүлнәр Каримова ашып, күн тәртібімен таныстырғаннан кейін өзі бастауыш партия ұйымының жылдық жұмысын баяндады. Оның айтуынша, партия ұйымының қазіргі таңда 757 мүшесі бар. Ұйымның бюро мүшелері өз жұмыстарын әрдайым қадағалап отырады. Партиялық жобалардың міндет-мақсаттары аясында әлеуметтік, экономикалық тағы да басқа түрлі маңызды іс-шаралар атқарылуда. Айталық, «Сәтті қадам», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек», «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел өркендеуші ел», «Бақытты отбасы – бақытты балалық шақ», «Жастар – Отанға» жобалары аясында бірқатар жұмыстар жасалды.

– Партияның қолға алған іргелі жобалары мен бағдарламаларын партиялық-ұйымдастырушылық және ақпараттық бағытта насихаттау, бас партияның идеологиялық қызметін жетілдіру болып табылады. Бастауыш партия ұйым мүшелері Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне аянбай өз үлестерін қосады деп сенім білдіремін, – деді ол баяндама барысында. Баяндамадан кейін Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының директоры, партиялық топ жетекшісі Өтеуғали Дүйсәлі мен аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов сөз сөйлеп, партиялық ұйым жұмысына оң бағасын берді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша партия ұйымының бюросы құрылып, мүшелікке бес адам сайланды. Ал, аталмыш партия ұйымының төрайымы Гүлнәр Каримованың өз өтінішіне сай, жаңадан Миялы ауылдық округінің әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалған Ерболат Иғали «Мұражай» бастауыш партия ұйымының төрағасы болып бірауыздан сайланды. Содан кейін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ХХVI конференциясына делегаттар құрамы бекітілді. Айта кету керек, ауданның барлық ауылдық округтерінде бастауыш партия ұйымы төрағаларының есебі тыңдалып, талқыланды.

Өз тілшіміз.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig