Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

БАСТАУЫШ ПАРТИЯ ҰЙЫМЫНДА ЖАҢА ТӨРАҒА

«Арман» мәдениет үйінде «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы «Мұражай» бастауыш партия ұйымының кезекті жиыны болып өтті.

Жиынды ашқан «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов партия мүшелері мен жиынға қатысушыларды күн тәртібімен таныстырып, күн тәртібінде «Мұражай» бастауыш партия ұйымының бюро құрамына өзгерістер енгізу және ұйымның жаңа төрағасын сайлау мәселесі қаралып отырғандығын қаперге берді. Одан соң ол:

– Партия жарғысына сай «Мұражай» бастауыш партия ұйымының бюро мүшесі болған Ерболат Иғали басқа жұмысқа ауысуына байланысты төрағалықтан босату туралы арыз жазған еді. Осыған орай, бастауыш партия ұйымының төрағалығына Жарас Есенғалиевтың кандидатурасын ұсынамын. Ол 2009 жылдан бері партия мүшесі. Мемлекеттік қызмет саласында мол тәжірибе жинаған Жарас Мағазұлы бастауыш партия ұйымын абыроймен басқарады деп сенемін, – деген ұсынысын мәлімдеді.

Жиынға қатысушы партия мүшелері ұсынылған кандидатты бірауыздан қолдап, дауыс берді. Бұдан кейін «Мұражай» бастауыш партия ұйымының жаңа төрағасы Жарас Есенғалиев партияластарына сенім білдіргендері үшін алғысын айтып, сенімді ақтайтынын жеткізді.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521