Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Бақташы шығару тиімді

Жангелдин ауылдық округінде басталған ауылдық округ әкімдерінің есеп беру жиынын жұма күні түстен кейін Миялы ауылдық округі түйіндеді.

«Арман» мәдениет үйінде өткен жиында округ әкімі Ерболат Иғали бір жылдық жұмысын қорытындылап, баяндама жасады. Оның айтуынша, өткен жылы округте алты әлеуметтік нысан іске қосылып, халық игілігіне пайдалануға берілсе, салық түсімдері 93 пайызға орындалды. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша «Соғыстан оралмаған жауынгерлер» паркіне 4 миллион 900 мың теңгеге балалар ойын алаңы мен жаттығу құрылғылары қондырылды. Сондай-ақ, аталмыш бағдарлама аясында биыл Бәйсеу ықшамауданынан балалар ойын алаңын салу жоспарда бар. Өткен жылы ауыл тазалығын сақтау және көгалдандыру мақсатында «Ағаш отырғызу күні», «Таза жағалау» акциялары ұйымдастырылды. Осы және басқа да жұмыстарды баяндаған округ әкімі одан әрі кезекті жарыссөзге берді.

Округ әкімінің жұмысын мақұлдайтынын айтқан ауыл тұрғыны Құмар Хасан «Миялы-Атырау» бағытына қатынайтын көліктердің аялдамаға адам жинап келетінін, соның салдарынан кей кезде сыймай қалатынын айтып, жалпы аудандағы жолаушы тасымалын қайтадан қолға алу керектігін және ауыл көшелерін жарықтандыру мәселесін қозғаса, Миялы ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Жаубасар Мұхамбетов ауыл іргесіндегі тұрғындардың малы жайылатын жерлердің көбін жеке қожалықтар алып алғанын, бұл өз кезегінде мал өрісін тарылтатынын айтып дабыл қақты. Ауыл үлкендерін мұқият тыңдаған аудан әкімі Арман Баженов аудан орталығын одан әрі көріктендіру мақсатында жүйелі жұмыстар жасалатынын тілге тиек етіп, үйде мал ұстайтын тұрғындарға ортақ бақташы шығару жайлы кеңес берді. Сондай-ақ, жыл сайын өршіп тұрған бруцеллез ауруымен ауыл халқы бірлесе күресу керектігін атап өтті.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521