Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қазақ тілінде жалпыхалықтық диктант жазу

Биылғы жылдың 14 қарашасында сағат 10:00-де Қызылқоға ауданында латын негізді қазақ тілінде жалпыхалықтық диктант жазу шарасы өтеді.

Аудан тұрғындарын осы шараға белсенді түрде қатысуға шақырамыз. Диктант жазу білім беру мекемелерінде, кітапханаларда, мемлекеттік мекемелерде, мәдениет үйлерінде және тағы басқа жерлерде өткізіледі.

Арнайы белгіленген орындарға келіп қатыса алмайтын тұлғалар диктантты emle.kz, tilalemi.kz сайттарының басты бетінде орналасқан сілтемемен компьютер немесе ұялы телефон (смартфон) арқылы кіріп, белгіленген уақытта диктант аудиосын тыңдай отырып жаза алады. Диктантты сканерлеу немесе фотоға түсіру арқылы Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript. электрондық поштаға жолдауы қажет. Сондай-ақ, диктант аяқталған соң аталған сайтта диктанттың дұрыс нұсқасы мен диктантты бағалау өлшемшарттары шығады. Әрбір пайдаланушы жұмысын дұрыс нұсқамен салыстыра отырып, өлшемшарттарға сәйкес өзін-өзі бағалайды.

Арнайы әзірленген парақта жазылған диктантты тіл мамандары бағалайды, қорытынды ақпарат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде жинақталады. Диктант жазу шарасына қатысу үшін жергілікті әкімдіктерге немесе аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне байланыс телефонына 2-15-63, 2-18-57 хабарласуға болады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521