Ауыз суға жасыл балдыр тұнады

Еліміздегі кез келген салада олқылықтар баршылық.

Айталық, қазіргі аудандық газет бетінде жазылып жатқан ауызсу мәселесі, мал ауруы, мал азығы, жұмыссыздық сынды мәселелер көтерілуде. Алайда, барлығы бір ізділікке түсу үшін әлі көп уақыт пен біршама жұмыс қажет. Менің негізгі айтпағым, жаз мезгілі басталысымен ауыз судың жоқтығы басты мәселемізге айналады. Су күнбе-күн уақытпен сыздықтап беріледі. Уақытпен берілетін болғандықтан, әртүрлі ыдыстарға ауызсуды толтырып алуға мәжбүрміз. Алайда, бұл сыздықтатып бергені ештеңе емес, жиналып тұрған суымыздың түбіне жасыл балдыр тұнып тұрады. Аудан тұрғындарына белгіленген мөлшердегі суды жеткізу үшін уақытпен берілетінін түсінемін. Алайда, ауызсу деп аты айтып тұрғандай сыздықтатпай әрі таза етіп бергендері жөн. Себебі, ол судың лас болуы денсаулыққа өте зиян. Сондықтан да ең бірінші қарапайым халықтың денсаулығын ойлағанымыз ләзім.

Динагүл ҚУАНЫШЕВА,

Миялы ауылының тұрғыны.

(Пікір фейсбук парақшасынан алынды)

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031