Ауыл тұрғындарының сенімін оятты

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: "Біздің ауылдарды даму нүктесіне айналдыру керек. Қытайдың индустрияландыруды қалай бастағаны есіме түсіп отыр. Олар ауыл шаруашылығын дамытты, электроника шығара бастады. Біз электроника ойлап шығармай-ақ қояйық, бірақ ауылда жұмыс орындарын ашуға болады ғой. Ауыл дамуына мән беріп, ауылдағыларға жұмыс берсең, істейді.

Үй салып, инфраструктураны дамытсақ, бізге ауылдан халық тартыла бастайды. Үлгі бола алатын ауылдар бар, осы орайда үкіметке "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасын құруды тапсырамын. Ол үшін 90 миллиард теңге бөлініп, 2019-2020 жылдары игерілуі керек" деген тапсырмасы ауыл халқының сенімін оятып, жігерлендіре түсті десе болғандай. Мұндай шаралар облыс орталығынан шалғай орналасқан біздің аудан үшін, аудан орталығынан қашықта орналасқан біздің ауылдың тұрғындары үшін жағымды жаңалық болды.

Сонымен қатар, жиында қабылданған 2030 жылға дейінгі бағдарлама - халықтың ертеңіне деген сенім ұялататын үлкен бағдарлама болатыны анық. Сондықтан, берілген тапсырмаларды бірлесе атқарсақ белгілі бір нәтижеге қол жеткізетініміз сөзсіз. Қанат ХАЙРУЛЛИН, Қызылқоға ауылдық округінің әкімі.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031