Атырауда мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары бекітілді

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы №85 бұйрығымен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының үлгілік біліктілік талаптары бекітілді, - деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары , Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мәлік Кәриев мәлімдеді.

- Біліктілік талаптары барлық мемлекеттік органдардағы деңгейіне байланысты орнатылады. Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар білімі бойынша, нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша, жұмыс тәжірбиесі бойынша талаптарды қамтиды. Жоғарыда айтып өткендей, үміткерлер хабарландыруды қарап, біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда конкурсқа құжаттарын тапсыра алады. Ескере кететін жағдай біріншіден білім бойынша талаптар сәйкес келуі керек, содан кейін егерде бос орын басшы лауазым болған жағдайда санатына қарай жұмыс тәжірибесі талап етіледі. Бұдан басқа, ауылдық және аудандық деңгейлерге үміткер бас маман немесе жетекші мамандарға білім жоғары немесе ортадан кейінгі және техникалық пен кәсіби білімдер рұқсат етіледі, сонымен қатар жоғары білім бар болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді,- деді Мәлік Кәриев.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметке қадам басқандар үш кезеңдік іріктеуден өтеді. 
Біріншісі – уәкілетті орган айқындаған тәртіппен тесттен өту, екінші кезең – уәкілетті органның қорытындысын ала отырып, жеке қасиеттерін бағалату, үшінші кезең – әңгімелесу яғни, сұхбаттасу болып табылады.

Редактор-Журналист

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031