banerkzbig

Атырау облысы Жылыой ауданындағы Желтау жотасында табиғи саябақ жасау жоспарлануда

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев Жылыой ауданындағы табиғи саябақ құру жоспарланып отырған Желтау жотасы мен Шөлқара қыратына барды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Айта кету керек,табиғи саябақ құру жобасы әзірленіп жатыр. Биоалуантүрлілікті сақтаудың қазақстандық және шетелдік орталықтары екі рет экспедиция жасаған. Қазақстандық биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы Желтау жотасы мен Шөлқара қыратына зерттеу жұмыстарын жүргізген.

Жобалық аумақ біраз жылдардан бері бай табиғатымен мамандардың назарын аударып келеді, сондай-ақ, маңында Ортатау қорымы, мешіт секілді қасиетті орындар бар. Экспедиция барысында Атырау облысы үшін ғана емес, Қазақстан үшін құнды саналатын деректер анықталды. Бұл жерде табиғи саябақ-қорық жасау бастапқы қалпын сақтап қалуға мүмкіндік береді.

Аймақ басшысы Шөлқара мен Желтауды автокөлікпен,тікұшақпен қарап көріп, табиғи саябақты салу идеясын мақұлдады. Құзырлы органдарға болашақ саябақтың шекарасын анықтап, жер иелеріне қатысты мәселені шешуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig