banerkzbig

Қарттарды құттықтады

Жамбыл ауылдық округінде мереке қарсаңында, «Көп жасаған қария – ақылы теңіз дария» тақырыбымен ауыл қарттармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге ауыл қарттары, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали мен депутат Сайлаубек Темірғалиев қатысты. Онда алдымен мектеп оқушылары қарттарға арнап мерекелік лебіздерін білдіріп, ауыл өнерпазы Есен Құрмашев қарттарға арнау термесін тарту етті. Содан соң округ әкімі Сәндібек Салықов қарттарымызға саулық тілеп, еткен еңбектерін, көрген қиыншылықтарын зейнеттті, бақытты күндермен алмастыруға тілек білдірді.

Кеш барысында 80 және 70 жасқа толған қарттарға аудан әкімінің құттықтау хаты, округ әкімінің алғыс хаты табыс етілді. Мерекеде округтегі денсаулығы нашарлап, шараға қатынаса алмайтын жеті ауыл қартының үйлеріне округ әкімі Сәндібек Салықов пен Жамбыл ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асылан Бисенбаев арнайы барып, ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен дәм салынған сый қоржындарын табыс етті.

Сонымен қатар, ауыл қарттарына «Арман» кафесінде дастарқан жайылды. Шараға ауыл кәсіпкерлері Аягүл Жұмағалиева мен «Бейбарыс» шаруа қожалығының төрағасы Манас Бердіғалиев демеушілік жасады.

Гүлмира ТІЛЕГЕНОВА 

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig