banerkzbig

«Арал» көліне су келу төмен

Округ әкімдерінің есеп беру жиыны сәрсенбі күні Тасшағыл ауылдық округінде жалғасын тапты.

Аталмыш жиынға аудан әкімі Арман Баженов, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали, аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев және басқа да бөлім, мекеме басшылары қатысты. Тасшағыл орта мектебінің акт залында өткен есеп беру жиынын округ әкімі Мәлік Қуанышов ашып, ауыл халқына келген қонақтарды таныстырып, артынша 2018 жылы округ бойынша жасалған жұмыстарды баяндады. Баяндамадан білгеніміздей, өткен жылы жергілікті өзін-өзі басқарудың кіріс көздерін қалыптастыру және пайдалану жоспары жасақталып, жоспар бойынша түсуі тиіс қаржының 75 пайызы орындалса, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша балалар ойын алаңына құрал-жабдықтар сатып алынып, орталық саябақты қоршау жұмыстары жүргізілді. Округ әкімі аппаратының теңгеріміндегі төрт үйдің екеуі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, екеуі учаскелік полиция қызметкерлеріне берілсе, округ тұрғындары арасында 34 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсырып, нәтижесінде 31 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Мүмкіндігі шектеулі бір адам судро-тифлоқұралмен, бес адам протездік бұйыммен қамтылса, төрт адам санаторияға жолдама алып, демалып келді. Сондай-ақ, өткен жылы 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы үшін жобалық-сметалық құжат жасақталып, алайда, мемлекеттік сараптамадан теріс қорытынды алды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжат түзетіліп, мемлекеттік сараптама порталына жүктелуде. Егер сараптамадан оң нәтиже алса, көп ұзамай мәдениет үйінің құрылысы басталады.

Округ әкімінің баяндамасынан соң Тасшағыл орта мектебінің мұғалімі Ажарлым Қаманова сөз алып, бір жылдық есепті мақұлдайтынын айтса, «Тасшағыл» өндірістік кооперативінің төрағасы Оңғар Жанықұлов көктемде өр суы тасығанда «Бәйтік» көліне су келгенімен аталмыш көлдің қасындағы, ауылға жақын «Арал» көліне су келмей тұрғандығын айтып, сол олқылықтардың орнын толтырса деген тілегін жеткізді. Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Баженов ауданда өткен жылы жасалған жұмыстарға қысқаша тоқталып, Тасшағыл ауылдық округі бойынша мәдениет үйін салу, әмбебап спорт кешенін тұрғызу, өр суын шабындық жерлерге шығару сынды жұмыстар кезең-кезеңімен жасалатынын тілге тиек етті. Артынша аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig