banerkzbig

Аналарды ардақтаған байқау

Еліміздің егемендік алуы жолында ерлермен бірге аянбай жұмыс жасап, ұғынықты ұрпақ тәрбиелей білген ардақты аналардың да еңбегі ұшан-теңіз.

Тәуелсіздіктің торқалы тойы қарсаңында солардың есімін жаңғыртып, кейінгі ұрпаққа насихаттау бүгінгі буынның міндеті. Осы орайда, осыдан төрт ай бұрын аудандық ішкі саясат бөлімі және «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Ел анасы» атты конкурс жарияланған болатын. Аталмыш конкурстың қорытынды кеші таяуда Жангелдин ауылдық округіне қарасты мәдениет үйінде өтті. Шығармашылық байқауды қорытындылаған аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жарқынгүл Сәрсенова:

– Бұл конкурс әйел аналардың қоғамдағы рөлін арттырып, гендерлік саясатты дамыту, еңбегі ерен аналардың ерліктерін насихаттап, жастардың шығармашылығын шыңдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Аталмыш байқауға барлығы он екі шығарма келіп түсті. Арнайы құрылған комиссия әр шығарманы мұқият талдап, нәтижесінде бес шығарма арнайы жүлдеге ие болды, – деді.

Байқау нәтижесінде, Фатима Сәуірбаева Социалистік Еңбек Ері Қанаш Қожахметова атындағы жүлдеге ие болса, Айсәуле Ардақызы Қазақ КСР-іне еңбегі сіңген дәрігер Зауза Дәулетиярова атындағы жүлдемен марапатталды. Сол сияқты, жамбылдық Гаухар Ермекке Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерінің иегері Айман Самарханова атындағы жүлде табыс етілсе, Нұрәділ Еламан Қазақ КСР-іне Еңбегі сіңген мұғалім, Қызылқоға ауданының Құрметті азаматы Зәуреш Насырова атындағы жүлденің иегері атанды. Ал, соғыс жылдарында майданға жылы киіммен, ақшалай көмек көрсеткен, 4 ұл, 1 немересінен қалған бес баланы жетімдер үйіне тапсырудан бас тартып, ел қатарлы азамат етіп өсірген қамқор ана Әзен Нәбиева атындағы жүлде Аяулым Мырзабекке берілді. Барлық қатысушылар 50 мың теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Дулат БЕРІК.

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig