banerkzbig

Қамданған қапы қалмайды

Енді бірер айдан кейін күн жылынып, қар ери бастайды. Өзендер тасып, сай-сала суға толады. Сол кезде халыққа төнетін басты қауіп – су тасқыны. Соған орай, жақында аудан орталығында «Көктем-2019» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу жиыны өтті.

Оған аудандағы азаматтық қорғау, жедел авариялық құтқару қызметтері мен шұғыл әрекет ету жасақтарынан 23 техника мен 90 адам қатысты. Оқу жаттығу жиынын қадағалаған аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев пен аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Айбол Карин әр құрылымның техникалары мен құрылғыларын тексеріп, қар ери бастасымен кез-келген жағдайға сақадай-сай тұрулары керектегін ескертті. Саптық дайындықтан кейін Б.Аманшин атындағы орта мектепте су тасқыны кезінде адамдарды көшіру, арнайы белгіленген пунктке жеткізу бағытында оқу-жаттығу жиыны өтті.

Онда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар тез арада мектептің спорт залына әкелініп, оларға алғашқы көмек көрсетілді. Оқу жаттығу жиынында жауапты мекемелер өздеріне берілген тапсырмаларды мұқият орындап, төтенше жағдайларға дайын екендігін көрсетті.

Дулат МӘТЖАН

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig