Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛДАҒЫ ҮШ ЖЫЛДА ЕЛІМІЗДЕ 190 МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

2019 – 2021 жылдары елімізде 190 мектеп салынады. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 136 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінеді.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинованың айтуынша, аталмыш мектептер құрылысы апатты жағдайдағы мектептер, үш ауысымды мектептерді жою мәселесін толықтай шешеді. “Қазіргі таңда бір ғана Атырауда бес мектеп салынуда. Оның біреуі үш ауысымды, екеуі апатты жағдайдағы, екеуі оқушысы көп мектептер мәселесін шешеді” деп нақтылады спикер. Айта кетелік, сонымен бірге елімізде 144 мыңнан астам мұғалім қайта даярлаудан өтеді.

Айбөпе САБЫРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521