Алғаш болып «Батыр ана» дауыс берді

Елімізде өтіп жатқан президент сайлауына қызылқоғалықтар да белсенді қатысуда.

Аудандағы барлық сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат жетіде еліміздің Әнұранымен ашылды. Миялы ауылында орналасқан №144 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып келіп, өз дауысын берген «Батыр ана» Балғаным Жүрекбаева елдің жарқын болашағы үшін өз таңдауын жасағанын айтады. – Бүгін еліміз үшін, ұлтымыз үшін ең маңызды күн. Себебі, бүгінгі сайлау арқылы біз ел тізгін ұстайтын, көшімізді бастайтын президентті таңдаймыз.

i

Сондықтан мен өзім тіркелген сайлау учаскесіне ертемен келіп дауысымды бердім. Кім сайланса да ендігі президент елімізді одан әрі дамытып, биік белестерге бастайтын тұлға болса екен деген тілегім бар. – деп аналық лебізін білдірді. Осылайша алғашқы болып дауыс бергендердің бірі атанған «Батыр ана» аудан халқын саяси науқанға белсенділікпен қатысуға шақырды. Таңғы сағат жетіде ашылған сайлау учаскелері сағат тоғыз болғанда халық көптеп келе бастады. Ал, аудандағы сайлаудың әділ өтуін әр сайлау учаскесінде отырған тәуелсіз бақылаушылар қадағалап отыр.

Солардың бірі «Аманат» азаматтық платформалық орталығының аудан бойынша тәуелсіз бақылаушылар кеңесінің төрағасы Серікболсын Беріков түске дейін ешқандай заң бұзушылық байқалмағанын жеткізді. Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда тіркелген 19071 сайлаушы ауылдық округтерде орналасқан 22 сайлау учаскесіне бөлініп, дауыс беріп жатыр. Аудандық сайлау комиссиясының дерегінше таңғы сағат жеті мен онның арасында 3600 сайлаушы өз таңдауын жасаған.

Айымгул Жалғасқызы

Күнтізбе

октября 2019
ПВСЧПСВ
123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031