banerkzbig

Айқын мақсат алға жетелейді

Сейсенбі күні «Арман» мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХVІІ конференциясы өтті.

Оған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері, аудандық мәслихат депутаттары мен бөлім басшылары, ардагерлер мен «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы аясында жасалған жұмыстар мен жоспарлар, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын ауданда жүзеге асыру, партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасын талқылау және облыстық партия филиалының кезектен тыс өтетін конференциясына делегаттар сайлау мәселесі қаралды. Жиында конференция делегаттарының өкілеттіктерін растау туралы «Шалқыма» бастауыш партия ұйымының делегаты Мағжан Жексенов хабарлама жасады. Содан кейін күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша баяндама жасаған «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Арман Баженов баяндама жасады.

Бұдан кейін, аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, аудан әкімінің орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев ауданда Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталса, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Альберт Аққайнанов партияның 2030 жылға дейінгі бағдарламасы және оны жүзеге асыру жолдары жайлы мәлімдеді. Ал, жарыссөзге қатысқан «Мұражай» бастауыш партия ұйымының делегаты, партиялық топ жетекшісі Жәния Ізбасқан мен «Қаракөл» бастауыш партия ұйымының төрағасы Сәндібек Салықов конференцияның өту барысы туралы ой-пікірлерін ортаға салды. Жиын соңында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІХ конференциясына делегаттар сайланып, конференция қаулысы қабылданды.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

Соңғы жаңалықтар

Жарнама

banerkzleft

Фотогалерея

Күнтізбе

Редакция

 
Сисенов Бауыржан

Сисенов Бауыржан Аманұлы
- "Қызылқоға" газетінің бас редакторы

Бердіғалиев Бауыржан

Бердіғалиев Бауыржан Оқасұлы- Бірінші санатты тілші


Губайдуллин Дулат

Губайдуллин Дулат Берікұлы
- Екінші дәрежелі тілші


Тілегенова Гулмира

Тілегенова Гулмира Мақсотқызы
- Екінші дәрежелі тілші


kosybaeva-ajymgul

Қосыбаева Айымгүл Жалғасқызы
- сайтқа жауапты редактор

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21

banerkzbig