060500 Қызылқоға ауд Миялы а Қ Сәтбаев 1 +7 (71238) 21738 mialy44@mail.ru

Елбасы бастамасын қолдады

Сейсенбі күні аудан әкімдігінде Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін талқылауға арналған актив жиналысы өтті. Аудан әкімі Арман Баженов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары алдымен көгілдір экран арқылы облыс активі жиналысын тыңдады. Онда облыс әкімі Нұрлан Ноғаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуіне орай баяндама жасады. Бір топ азамат бес бастама туралы ойларын ортаға салып, бірауыздан қолдайтындықтарын білдірді.

Аудан активінде баяндама жасаған аудан әкімі Арман Баженов Мемлекет басшысының үндеуінде айтылған бастамалардың әрбір қазақстандық үшін маңызы орасан зор екенін, болашақ ұрпақ үшін жасалып отырған игі қадам екенін айта келіп, әр бастаманың ел әлеуетін көтеруге серпін беретінін атап өтті.

– Бірінші бастама бойынша ауданда 193 адам тұрғын үй кезегіне тіркелген. Осы азаматтарға бағдарлама аясында өз отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері берілді.Жалақысы төмен қызметкерлер бұған дейін тапқан табысының 10 пайызын табыс салығына төлеп келген болатын. Енді екінші бастамаға орай, олар табыс салықтарының бір пайызын ғана төлейді және қалған пайыздары қызметкердің еңбекақысына қосылады.Аудан көлемінде жоғары оқу орындары жоқ болғанымен үшінші бастама аясында мектеп түлектері ауданның ерекшелігіне қарай техникалық, нанотехнология, робот техникасы бойынша бакалаврлық білім алуына жағдай туды. Төртінші «Шағын несие беруді көбейту» бастамасы аудандағы шағын несие алатындардың санын арттырып, өз істерін бастау арқылы жаңа жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлікті дамытуға ерекше ықпал жасайды. Аудандағы 25 елді мекеннің 19 орталықтандырылған көгілдір отынмен толық қамтылған. «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» атты бесінші бастама арқылы қалған алты елді мекенге газ құбырлары желісін тарту жұмыстары жалғасады, – деді аудан әкімі Арман Баженов.

Жиын барысында сөз сөйлеген аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Құмар Хасанов пен «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі Бағытжамал Жұмабаева Елбасы үндеуін қуаттап, бірауыздан қолдауға шақырды.

Сіз не дейсіз?

Бағытжамал ЖҰМАБАЕВА, «Нұр-Шуақ» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі.

Өткен аптада Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жолдады. Бұған дейін де Елбасы өз Жолдауларында Қазақстан халқы үшін, ел әлеуетін көтеру бағытында құнды дүниелерді айтып жүрген еді. Енді міне, кешегі үндеу де солардың қатарынан орын алатын болады. Мемлекет басшысы бұл Үндеуде еліміздің өсіп-өркендеуіне әрбір қазақстандықтың үлкен үлесі бар екендігін айта отырып одан әрі гүлденуіне халықтың жағдайы бұдан да жоғары болуы үшін бірлесе еңбек етуге шақырады.

Бес әлеуметтік бастаманың алғашқысында әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру үшін, яғни қолжетімділігін арттыруға жағдай жасау туралы айтылды. Бұл дегеніңіз көптеген қазақстандықтардың арманының ақиқатқа айналады деген сөз. Екінші бастамада жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту бағытында нақты ұсыныстарды назарға беруін өте дұрыс деп білемін. Себебі, болашақ Қазақстанның өсіп-өркендеп, қарыштап дамуы үшін жұмысшылардың жағдайы өз деңгейлеріне қарай жасалса бәрі жақсы болатындығы сөзсіз. Шағын несие беруді көбейту бойынша төртінші бастамада айтылды. Қазіргі таңда әрбір қазақстандық несие алу арқылы кәсібін ашып, одан нәсібін көріп отырғандығын білсек, пайызы төмен несие беру арқылы жұмыссыз жүргендерді өзін-өзі қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған үндеуін аудан тұрғындары бірауыздан қолдайды деп сенемін. Өркениетті Қазақстан үшін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген қағидамен бірлесе жұмыс атқара білсек, Елбасы айтқандай еліміздің көңілі жайлы, тұрмысы майлы болатыны сөзсіз.

Сіз не дейсіз?

Құмар ХАСАНОВ, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

Күні кеше Елбасымыз Н.Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуін жария етті. Үндеудегі бес бастаманыңң әрқайсысы біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы болары сөзсіз.

Тұрғын үйге қолжетімділік жөніндегі бірінші бастамасының өзі өте тамаша шешім. Бұл «7-20-25» бағдарламасы ипотекалық несиенің жылдық мөлшерін 7 пайыздан асырмайды деген сөз. Сонымен қатар 2018-2019 оқу жылында студенттерге арналған қосымша гранттың өзі адам капиталы саласына елеулі серпін беріп отыр. Білім алуға қолжетімділіктті арттыру бағытында ел үшін жақсы жаңалық жария етілді. Қазіргі 54 мың гранттың үстіне 20 мың грант қосылады. Білген адамға бұл дегенің бұрын соңды болмаған жаңалық. Сондықтан, ауданның білім беру мекемелері білім сапасын арттыру, мектеп оқушыларына қосымша білім беру үрдістерін жетілдіруі қажет. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз үндеуінде төмен жалақы алатын жұмысшыларға салықтық жүктемені жеңілдетуді ұсынды. Бұл бастама олардың еңбек ақыларын көбейтуді көздеуден туындап отыр.Салыстырмалы түрде жалақысы төмен қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 пайыз салық салынады. Бұл деген 2 миллионнан астам адамның, жалақысы жұмыс берушіге салмақ салмай-ақ көбейеді деген сөз.

Бүгінгі Елбасының бастамалары еліміздің тарихындағы қайталанбас өзгерістердің бірі. Сондықтан, өзімізге жайлы, ел дамуына үлес қосатын бастаманың жүзеге асуына барлығымыз қолдау көрсеткеніміз абзал.

Бауыржан БЕРДІҒАЛИЕВ.

Редактор-Журналист

Әкім жұмысына баға беріңіздер

Аудан әкімінің жұмысына қандай баға бересің?
Елді мекендердің тазалығына қандай баға бересіз?
Әкім тағайындалғалы ауданда жұмыссыздық деңгейі өзгерді ме?