Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жолдаудағы міндеттер – ел дамуының бағдаршамы

Мемлекет басшысының кезекті Жолдауын түсіндіруге бағытталған ақпараттық кездесулер басталды. Осы мақсатта құрылған топ мүшелері өңірдегі түрлі мекеме мен ұйымдардың ұжымдарымен жүздесіп, Жолдауда белгіленген басым бағыттарды талқылауда.

Бүгін Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесу өтуде. Басқосуға Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары Арман Хайруллин мен Мұса Хайруллиев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, Назарбек Қосшиев, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Бахтияр Жазықбаев, Ұлттық экономика вице-министрі Ерлан Сағынаев және Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шарбиев қатысуда. Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының стратегиялық бағыттары, экономиканы жаңғырту, энергетика саласын дамыту, еңбек нарығын жетілдіру, әлеуметтік саясат, экологиялық мәселелер мен адами капиталды нығайту бағытындағы міндеттер сөз болуда. Әсіресе, жоғары оқу орнының оқытушылары мен студенттері үшін білім мен ғылымның ел дамуындағы орны, жастардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, заманауи технологияларды меңгеру және еңбек нарығының жаңа талаптарына бейімделу мәселелері маңызды.

Осы тұрғыда спикерлер Жолдауда белгіленген міндеттердің салалар бойынша жүзеге асу бағыттарына тоқталып, өзекті мәселелер жөнінде түсінік беруде. Жиын ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдіруде. Мұндай кездесулердің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді көпшілікке түсіндірумен қатар, қоғамның түрлі өкілдерімен өзара байланыс орнатып, ел болашағына қатысты бастамаларды ортақ талқылау.

Рита Өтеуғали

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT