Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында қысқа бағдарлама бойынша 3-орын алды

Фото: ҚР ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан құрамасының мәнерлеп сырғанаушысы Софья Самоделкина Алматыда өтіп жатқан Денис Тен мемориалында қысқа бағдарламадан кейін үшінші орынға тұрақтады.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы төрешілердің шешімімен 69,45 ұпай еншіледі. Бейтарап ту астында өнер көрсетіп жатқан ресейлік Александра Игнатова аралық есепте көш бастады. Ол 77,39 ұпай жинады. Екінші орында Оңтүстік Корея өкілі Юджае Ким — 75,99 ұпай.

Сондай-ақ қысқа бағдарламада Қазақстан атынан Нұрия Сүлеймен (44,88 ұпай, 13-орын), Алика Халимова (44,68, 14-орын), Амира Ирматова (42,03, 16-орын), Зере Сарбалдина (41,92, 17-орын) және Амина Алексеева (32,68, 19-орын) өнер көрсетті. 

Еркін бағдарлама бүгін, 9 қазанда өтеді. Еске салайық, бұған дейін мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Денис Тен мемориалында өнер көрсететінін жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT