Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

САМБОШЫЛАР ЕЛ НАМЫСЫН ҚОРҒАЙДЫ

 Ақтөбе қаласында самбо күресінен 2010-2011 жылы туған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде аудан самбошылары да бақ сынап, жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Атап айтқанда, 65 келіде қыздар арасында белдескен мұқырлық Еркенұр Қуат топтық кезеңде екі қарсыласын жеңіп, жартылай финалда шымкенттік самбошыға есе жіберді. Үшінші орын үшін болған тартысты белдесуде Ұлытау облысының балуанынан басым түсіп, жарыстың қола жүлдегері атанды. Еркенұрды аталмыш сынға дайындаған Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жаттықтырушы Марат Әбдуәлиев пен ағасы Аманжан Әбудің еңбектері зор. Сол сияқты бұл бәсекеде 79 келіде ұлдар арасында боз кілемге шыққан сағыздық Ерасыл Қуандық ақтық сынға дейінгі қарсыластарын алып та, шалып та жығып, финалға жолдама алды. Финалдық бәсекеде қарағандылық қарсыласына жол беріп, екінші орынға ие болды.

Осы ретте, Ерасылды бұл сынға дайындаған жаттықтырушысы әрі әкесі Сәлімгерей Нұрболғанов екендігін айта кеткен жөн. Енді Еркенұр мен Ерасыл ел құрамасына алынып, Азия, Әлем чемпионаттарында ел намысын қорғайтын болады. 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT