Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

САҒЫЗДАҒЫ САУАПТЫ САЙЫС

Қашанда, қайырымдылық пен сауапты істерде жұмыла кететін сағыздық жастар Бисенбай Айбат Медетұлының еміне қаржылай қолдау білдіру мақсатында футболдан қайырымдылық турнирін өткізді.

Ауыл белсендісі Бауыржан Дүйсенбердіұлының ұйымдастыруымен өткен сайысқа 13 команда қатысты. Нәтижесінде 2002-2004 жылы туған жастар жеңімпаз атанса, 1998-2003 жылы туған жастардан құралған команда екінші орынға ие болды. Жасыл алаңда жастармен бір деңгейде өнер көрсеткен Сағыз ауылының 1985-1986 жылы туған азаматтары үшінші орынға қол жеткізіп, өздерінің әлі де бабында екендіктерін көрсетті. Сол сияқты жарыста жеке шеберліктерімен танылған Азамат Құлжан «Үздік ойыншы», Дәурен Қайыров «Үздік қорғаушы», Бақыт Жұмажан «Үздік шабуылшы», Бағытжан Балсабиев «Үздік қақпашы» атанды. Қайырымдылық турнирінде жиналған 400 мың теңге Айбат Медетұлының отбасына табысталды.

Дулат БЕРІК

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT