Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте көш бастады

Қазақстан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жалпыкомандалық есепте көш бастады VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының аралық қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орында тұр.

4 қыркүйектегі жағдай бойынша, ел спортшылары 55 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 25 алтын, 13 күміс және 17 қола медаль бар. Екінші орында Қырғызстан құрамасы келеді. Қырғыз спортшыларының қоржынында 58 медаль бар: 23 алтын, 24 күміс және 11 қола. Үшінші орынды Ресей құрамасы (4 алтын, 6 күміс және 13 қола) иеленіп отыр. Қазіргі уақытта Қазақстан өкілдері Ойындар бағдарламасына енгізілген 42 спорт түрінің 31-і бойынша жарыстарға қатысып үлгерді. Қазақстандық спортшылар аударыспақ, қазақ күресі, алыш, армрестлинг, самбо, арқан тарту, дәстүрлі садақ ату, ат жарыстары, құсбегілік және басқа да спорт түрлерінен жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT