Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан құрамасы су добынан әлем чемпионатында Уругвайды ойсырата жеңді 

 

 

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан жасөспірімдер құрамасы су добынан Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін жалғастырып жатыр.

Үшінші кездесуде қазақстандық спортшылар Уругвай құрамасын ірі есеппен жеңді. Матч 22:5 есебімен аяқталды.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Сасин кездесудің үздік ойыншысы атанды.

Бүгін, 6 тамызда, Қазақстан құрамасы Түркиямен кездеседі.

Еске салсақ, әлем чемпионатының алғашқы матчында ұлттық құрама Мысырға есе жіберсе, екінші ойында Сингапурдан басым түсті.

Қазақстан жүзуден АҚШ-тағы халықаралық турнирде 17 медаль жеңіп алғанын жазған едік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT