Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

 ЕУРОПА КУБОГІНЕН ҮШ ЖҮЛДЕ

 Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында дзюдо күресінен жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі сарапқа салынған байрақты бәсеке өтті.

Оған барлығы 12 мемлекеттен болашағынан үміт күттіретін жас балуандар қатысып, жарыс көрігін қыздырды. Бұл сында ел намысын қорғаған Сағыз балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттер толағай табысқа қол жеткізіп, аудан абыройын асқақтатып қайтты. Жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғановтан тәлім алатын жас балуандар арасында 44 келіде белдескен Айсана Жұмағали қарсыластарын алып та, шалып та жығып, бірінші орынды иеленді.

Ол финалда Қырғызстан елінің балуанын қапы қалдырды. Сол сияқты 81 келіде өнер көрсеткен Ерасыл Қуандық топтық бәсекеде Тәжікстан және жергілікті дзюдошылардан басым түссе, финалда қазақстандық командаласына жол беріп, екінші орынға ие болды. Бұдан өзге 48 келіде татамиге шыққан Әмина Серік жартылай финалда қазақстандық балуанға жол бергенімен, үшінші орын үшін өткен бәсекеде жергілікті спортшыдан басым түсті. Осылайша байрақты бәсекеде үшінші орын иегері атанды. 

Аталмыш жарысқа шәкірттерін өзі бастап алып барған жаттықтырушы Сәлімгерей Нұрболғанов: 

– Бұл жарысқа барлығы жеті балуан алып бардым. Солардың арасынан үш жүлдеге ие болдық. Басқа балалар да жаман күрескен жоқ. Жүлдеге ілінбесе де Айбын Сайфолла жеті белдесу, Бағытжан Қайырғали бес белдесу, Айсұлтан Жарқынбек төрт белдесу, Бекұлан Бейбітұлы екі белдесу өткізді. Яғни, балалардың барлығы да барын салып, күш-жігерін сарқа күресті. Бұл біз үшін үлкен тәжірибе болды. Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыратын боламыз, - деді.

1 наурыз күні кешке туған жерге табаны тиген жаттықтырушы мен шәкірттерін ата-аналар, спорт мектебінің ұжымы мен жергілікті тұрғындар салтанатты түрде қарсы алып, жерлестерін жеңістерімен құттықтады.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT