Атырау қаласында Мемлекет басшысының «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында «Атырау - есірткісіз қала!» ұранымен мотошеру ұйымдастырылды.
Іс-шараны облыстық полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы, профилактика жөніндегі кеңес мүшелері және Мотоциклшілер қауымдастығы бірлесіп өткізді.
Шараға 20-ға жуық мотоциклші қатысты. Волонтерлер тұрғындарға есірткі қылмыстары мен нашақорлықтың алдын алуға арналған жадынамалар таратып, салауатты өмір салтын насихаттады.




